
Қазақстандық «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ тұтынушыларға қызмет көрсету бойынша кейбір тарифтерден комссиялық алымдар алып тастады. Бұл туралы банктың ресми сайтында жазылған.
«2015 жылдың 4 мамырынан бастап жинақ, ссудалық есепшоттардың жай-күйі, ссудалық берешектің болуы/болмауы туралы анықтамалар беруге және басқа да анықтамаларға салынатын комиссия 0 теңгені құрайды», - деп жазылған банк хабарламасында.