Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылар жоғалтқан қаржыларын қайтаруға уәде берді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылар жоғалтқан қаржыларын қайтаруға уәде берді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде курстың өзгеруінен шығын көрген салымшылардың қаржысының орнын толтыратын механизм құрастырмақ деп хабарлайды ic24.kz.

"Клиенттеріміздің мүддесі үшін біз үкіметпен бірге арнайы шаралар дайындамақшымыз. Шешім қысқа уақыт ішінде қабылдануы қажет. Бұл түрлі механизм болуы мүмкін. Нақты айтайын, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерінің салымдарын сақтап қалу үшін барынша тырысатын болады", - деді "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Ербол Қарашүкеев. Еске салайық, күні кеше Мемлекет басшысы Ақордадағы отырыс кезінде Ұлттық банкке екінші деңгейлі банктерде жатқан депозиттердің өтемақысын қалпына келтіретін механизм құрастыруды тапсырған еді. Нұрсұлтан Назарбаев Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларын жеке бөліп алып, олардың құрылыс жинақ банкі жүйесіндегі маңыздылығын атап өтті. ТҚЖБ басшылығының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта 543 228 келісім-шарт бар. Жинақ сомасы 276 млрд теңгені құрайды. Банк теңге курсының өзгеруі 2020 жылға дейін аймақтарды дамыту Бағдарламасын іске асыруға ықпал етпейтіндігін атап өтті. Жергілікті атқарушы органдармен бекітілген келісім-шарттар сол күйінде сақталмақ. 1 шаршы метр үшін баға теңгеде бекітілген. Аймақ айырмашылығына байланысты оның бағасы 90 000 - 142 500 теңгені құрайды.

Похожие материалы