Алматы. 5 қазан. 7kun.kz – Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жылу жүйесі 80 пайыз деңгейінде қосылған. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Астана қаласында әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне толығымен қосылса, ең көп қосылған тұрғын үйлер Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында.
2017 жылдың басынан бері (4 қазанда) Республикада 75 млрд кВтсағ (2016 жылғы деңгейден 9,5 пайызға көп) электр энергиясы өндірілді. Сонымен қатар, 71,7 млрд кВтсағ (2016 жылғы деңгейден 6,7 пайызға көп) электр энергиясы тұтынылды.
Электр станцияларында 4,8 млн тонна (2016 жылғы деңгейден 41 пайызға көп) көмір және 90 мың тонна мазут жиналды. Барлық электр станцияларында отын қорының нормасы қамтамасыз етілген.
Айгүл Хожантаева