Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түрік кәсіпкерлері Мәскеу метросының құрылысына атсалысады

Түрік кәсіпкерлері Мәскеу метросының құрылысына атсалысады

Түрік бизнесінің өкілдері мәскеулік метро жобасына қызығушылық танытты. Түркиялық компаниялар метроның дамуы мен автотұрақ орналастыруға және транспортты-ауыстырмалы түйіндердің құрылысына қызығушылық білдірді деп хабарлайды Мәскеу қаласындағы құрылыс кешенінің ресми порталы.

"Түрік кәсіпкерлерімен кездесу позитивті деңгейде өтті. Экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына қарамастан, Түркияның инвесторлары Мәскеуде жұмыс істегісі келеді", -деді Мәскеу әкімінің қала құрылысының саясаты мен құрылысы бойынша орынбасары Марат Хуснуллин Анкара мен Стамбулдағы іс-сапары туралы.

Хуснулиннің сөзінше, Мәскеу әкімінің тапсырмасымен түрік кәсіпкерлерімен біріге отырып жұмыс істейтін арнайы топ құрылды. "Инвесторлардың метроның құрылысы туралы ұсыныстары бар. Егер бізге мердігерлер жетпесе, оларды метроның құрылысы бойынша конкурсқа қатысуға шақырамыз. Біз Түркиямен серіктестіктен үлкен перспектива көреміз", - деп атап өтті шенеунік.

RusDevelopers порталының рейтингі бойынша, Renaissance Construction, «Ант Япы», GRM GROUP, ESTA, Costa, «Энка» және «Маращстрой» деген 7 түрік компаниялары ресей нарығында, оның ішінде Мәскеу аймағында белсенді әрекет етеді.

 

Похожие материалы