Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркістанда қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізіледі

Түркістанда қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізіледі

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – Түркістан облысында көлік компаниялары мен инвесторлар арасында электронды билетті енгізу туралы меморандумға қол қойылды.

Көлік саласы бойынша жол картасы жасалынып, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және «Зерде» АҚ-мен келісілім орнатылған. Пилотты жоба Түркістан қаласындағы № 1А бағытындағы қоғамдық көліктерге енгізіледі.

Соныман қатар, бір уақытта GPS трекеры арқылы электронды билет жүйесі орнатылатын болады.

«Аталған пилоттық жоба аяқталған соң қалған барлық қалаішілік бағыттағы 21 автобусты қамту жоспарлануда. Ал электронды билет жүйесі енгізілген автобустардың жалпы саны 270-ті құрамақ. Сондай-ақ, Түркістан қаласында инвесторлар есебінен 1 «ақылды» аялдама және 5 жарнама стэлін орнату жобалануда», - деді Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев.

Похожие материалы