Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркістанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты

Түркістанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты

Алматы. 27 шілде. 7kun.kz – Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2018 жылдың 1 шілдесінде 126 975 бірлікті құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 2,7%-ға жоғары, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлімдеуінше, еліміз бойынша жұмыс істейтін субьектілердің 10,6%-ы Түркістан облысына тиесілі. 2018 жылдың қаңтар-наурызының есебі бойынша, шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы — 52 млрд 888 млн теңгеге жеткен.

Бұдан бөлек, Түркістан облысының республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің үлесі — 14,6%-ды құрап, елімізде 2-орынды иемденіп отыр. Сондай-ақ, республикадағы өнеркәсіп өнімінің көлеміндегі үлесі бойынша облыс 14-шы орынға тұрақтап, көрсеткіш 1,6%-ды құраған.

«Түркістан облысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 6 ай қорытындысымен 147 млрд 148 млн теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға артты. Оның ішінде мал шаруашылығы – 128 млрд 275 млн теңге болып 4,7%-ға өскен», — деді Айдар Ахметбекұлы.

Сонымен қатар, өңірде 2018 жылдың қаңтар-маусымында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы — 202 мың шаршы метрді құрады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артқандығын көрсетеді.

Похожие материалы