Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркия Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайды

Түркия Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайды

Түркия Украинадағы шиеленістің өршуіне қарамастан, Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайды, деп хабарлайды Trend агенттігіне сілтеме жасай отырып ҚазТАГ.

Түркия СІМ министрі Мевлют Чавушоглу: «Біз РФ қарсы ЕО санкцияларына қосылуға міндетті емеспіз», - деді. Министрдің айтуынша, Ресей Түркияның маңызды сауда серіктесі болып табылады. «Сондықтан біз антиресейлік санкцияларға қатыспаймыз. Егер қажет болса, біз өзіміздің шараларымызды қабылдаймыз», - деп атап өтті М.Чавушоглу. Оның айтуынша, Еуроодақ та Ресейге қатысты өздерінің снакцияларын онша белсенді салып отырған жоқ, Ресеймен іскерлік қарым-қатынастар жалғасуда. «Германия мен басқа да еуропалық елдер ресейлік газдан бас тарта ала ма? Өмірге шынайы көзқараспен қарайық, әр мемлекет өздерінің жеке мүдделерін ескерулері тиісті», - деді ол.

Похожие материалы