Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркиялықтар Оңтүстік Қазақстанның құрылыс саласына инвестиция салуға ниетті

Түркиялықтар Оңтүстік Қазақстанның құрылыс саласына инвестиция салуға ниетті

Шымкент. 18 қаңтар. 7kun.kz - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев құрылыс саласында түрлі жобаларды іске асырған түрік компанияларының жетекшілерімен кездесті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік Қазақстанға инвестиция салуға ниетті «AKAY CONSTRUCTION INC» және «MESCIOGLU muhendislik ve musavirlik a.s.» компаниялары жол құрылысы, тұрғын үй құрылысы саласы мен өлшеу аспаптарын өндіру және өзге де өндірістер саласында жұмыс істейді.

Басқосуда қос тарап, қалада тұрғын үй құрылысы саласында  бірлескен жобалар құруды және басқа өндірістік салаға түркиялық инвесторларды тарту жайын сөз етті.  Сонымен қатар, компания басшылары «Shymkent City» кешенінің құрылысына қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, MESCIOGLU компаниясы 10 жылдан бері Ыстамбулдың автомобиль жолдары мен жол қиылыстары басқармасының жобаларын әзірлеп, көпір, өтпежол, тоннель және автобиль жолдары жобасында инжинирингтік қызметтер көрсетіп келеді.

Ал,  1985 жылы құрылған құрылыс компания «AKAY CONSTRUCTION INC» сол жылдар ішінде түрлі әлеуметтік нысандар мен университеттер, үлкен ойын-сауық орталықтарын және 8300 тұрғын үй кешені сынды тағы да басқа ғимараттар салған.

Сапар барысында делегаттар «Қазақ-түрік» индустриалды аймағының жұмысымен танысып, облыстың кәсіпкерлерімен кездеседі.

Похожие материалы