Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Т.Рысқұлов атындағы ЖЭУ енді "НАРХОЗ университеті" деп аталады

Т.Рысқұлов атындағы ЖЭУ енді "НАРХОЗ университеті" деп аталады

Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет басшылығы оқу ордасының атын ауыстырды. Енді ол қазақша "НАРХОЗ Университеті", орыс тілінде "НАРХОЗ Университет" және ағылшынша NARXOZ University деп аталады. 

"НАРХОЗ бренді қалыптасып үлгерді. 1963 жылы Алматы ауыл шаруашылық институы пайда болғалы бері осылай атап келеді. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ЖОО-ны бірнеше рет атауын өзгертті, бірақ "НАРХОЗ" атауы қалып қойды",-делінген университет хабарламасында. Аты алынып тасталса да саяси және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов есімін "университет тарихында сақтауға" уәде берілді. Халықаралық "Рысқұлов оқулары" ғылыми форумы ары қарай өткізіле береді. Университеттің басшылысы ректор Кшиштоф Рыбиньски келгелі оқу орнында ауқымды реформалар жүргізілуде. Жаңа атауды иеленген НАРХОЗ инновациялық білім ордасына айналуды көздеп отыр. Жақында Ұлыбритания жоғарғы оқу орнының сапа Кодексінің негізінде оқу процессіне жаңа стандарттар енгізілмек.  

Похожие материалы