Экономика
Экономика1
Т.Сүлейменов: 2017 жылы ЖІӨ шамамен 2 пайызды құрайды
Астана. 3 ақпан. 7 kun.kz - 2017 жылы Жалпы ішкі өнім 2% деңгейінде болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ҚР Президентінің қатысуымен өтіп жатқан үкімет отырысында мәлімдеді.
«Біздің болжамымызға сәйкес, осы жылдың экономикалық өсімі 2% болады деп есептеп отырмыз», - деді Сүлейменов.
Салалар бойынша, экономикалық өсім тау-кен өндірісі (3,6%), тамақ өнеркәсібі (3,2%), машина жасау ісі (13,0%) салаларында болады. Бұдан бөлек, Ұлттық экономика министрлігі ауылшаруашылық саласында 2,5%, құрылыс секторында 2,6%, транспорт және логистика саласында 4,0% өсім болады деп болжап отыр.
Тимур Сүлейменов 2017 жылы да "мемлекет экономикасы үшін біраз қиындықтар" болатынын айтады.
«Жаһандық экономикада энергоресурс саласына, АҚШ-тың жаңа сауда-экономикалық саясатына, валюта курсының тұрақсыздығы және кейбір елдердегі саяси келіспеушіліктерге байланысты құбылмалық болады», - деді министр.