Р.Ошақбаев: Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті жұмысын атқара алмай отыр
Ұлттық экономика министрлігіндегі тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті өздеріне қойылған міндеттерді орындай алмауда. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев осылай есептейді деп хабарлайды kapital.kz.
"Өкінішке орай тұтынушылардың құқығын тиімді қорғайды, техникалық регламенттердің әрекетін қамтамасыз ете алады, бізді арамза бәсекеден қорғай алады деген сенім ақталмады. Біз тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің жұмысымен қанағаттанбаймыз ", -деді Р.Ошақбаев Қазақстандағы құс бағушылар Кеңесінің жыл сайынғы есеп беру жиналысында.
Оның айтуынша 14 қаңтарда ҰКП комитетпен сүт өнімдері мен құс өнімдерінің заңдағы регламенттерге сәйкес келуін тексеретін жобаны іске асыру туралы келіскен.
"2 айға жуық уақыт өтті, нәтиже жоқ. Соңғы жиналысты Асылжан Сарыбайұлы (ауыл шаруашылық министрі) біледі, министрлік тіпті суретке де түсірген. Ешнәрсені дәлелдеудің қажеті жоқ, сүт өнімдерін таңбалау кезіндегі талаптарға байланысты заң бұзылып жатыр. Суреттердің барлығы вице-премьердің адына түскен. Бір аптадан астам уақыт өтті, тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінен ешқандай реакция көріп тұрғанымыз жоқ", - деп атап өтті ҰКП төрағасының орынбасары.
"Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің құрылғанына ұзақ уақыт болды, толығымен салық төлеушілердің есебінен қаржыландырылып отыр. Бірақ салық төлеушілер олардың жұмыстарынан ешқандай әсер байқамайды. Онищенко ( Ресейдің бас санитар дәрігері - Геннадий Онищенко) батыр болып есептелетін Ресейдегі дәл осындай ведомстваның жұмысымен салыстыратын болсақ, айырмашылығы бірден байқалады. Егер ол отандық өндірушілердің мүддесін қорғаушы болса, біз өзімізде ешнәрсе көрмейіз", деп есептейді Р.Ошақбаев.
Өз кезегінде ауыл шаруашылық минисрі Асылжан Мамытбеков үкімет арқылы комитетке нақты жоспар, нақты тапсырмалар жүктейтіндігін мәлімдеді.
"Ол әлі қанша тексеру жүргізуі қажет. Құрғақ сүт көп екендігіне қарамастан, ешкім сүттің талапқа сай екендігін жарыққа шығармайды. Таңбаланбаған жұыртқаны да ешкім анықтамайды. Таңбаланбаған құс етін де ешкім анықтап жатқан жоқ. Тауарларын алып тастады, жойып жіберді деген ешқандай дау жоқ. Мұның барлығы бізге ұнамайды", -деп қорытындылады сөзін ол.