Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі коттедж кілттерін табыстады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі коттедж кілттерін табыстады

Қостанай. 29 қыркүйек. 7kun.kz — Қостанай облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары алғаш рет коттедж иелері атанды. Бұл туралы Қазақстан ипотекалық компаниясы хабарлады.

Аталған жобаны іске асыру үшін мемлекет тарапынан 10 сотық жер телімі бөлініп, үй құрылысына қолдау көрсетілген. Бұл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған жоба аясында мүмкін болды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қазақстан ипотекалық компаниясымен, сондай-ақ әкімдік және құрылыс компанияларымен бірлесе отырып, тұрғындарға үйлерді арзан бағамен сатып алуға көмектесті.

Коттедждер Қостанай қаласының жанында Заречный ауылында орналасқан. Олардың барлығы бір стильде тұрғызылған. Айырмашылық тек үйлердің аудандарында. Мәселен, бірқабатты үйлер – 90 ш.м., ал екіқабатты үйлер - 110 ш.м.

Айта кету керек, жер телімдеріне кезекте тұрғындарға тиісілі 10 сотық жер тегін берілген. Ал тұрғызылған үйлерді олар 1 ш.метріне 115.000 теңге төлеп, сатып алған.

Аталған қарыз алудың басты шарты ретінде Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозиттің болуы (тұрғын үй құнының кем дегенде 30 пайызы) ескерілді.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы