Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тәжікстанда «Одноклассники» мен «ВКонтакте» әлеуметтік желілері жабылды

Тәжікстанда  «Одноклассники» мен «ВКонтакте» әлеуметтік желілері жабылды

Тәжікстан билігі «Одноклассники» мен «ВКонтакте» әлеуметтік желілерін жапты. Басты себеп: «Ислам мемлекеті» туралы видеолардың салыну қаупі.

Бұл туралы хабарлаған РСН-нің жазуынша мұндай ақпаратты 28 мамыр күні Үкімет жанындағы байланыс қызметі таратқан. «Ислам мемлекеті» туралы ақпараттың тарауы туралы қауіпке Тәжікстан ІІМ-не қарасты ОМОН-ның командирі, полковник Гулмурад Халимов түскен бейнеролик әсер еткен. Онда ол Сирияға кетіп, террористік топ құрамында жүргенін мақұлдаған. Бұған дейін ол жоғалып кетті деген қауесет тараған еді. Видеода ол Тәжікстанды қаралап, халифат үшін жан беретінін айтады. Тәжікстанда бұған дейін YouTube мен Facebook және Ресейдің бірқатар сайттары жабылған еді.

Похожие материалы