Экономика
Тәжікстанның ұлттық валютасы құнсызданады
Тәжікстанның ұлттық валютасы – сомони тағы құнсызданатын болды. Бұған қазақстандық теңге мен ресей рубльнің девальвациясы әсер еткен.
Еске салайық, бірінші тоқсанда сомони 15%-ға құнсызданған еді. «Бізге Қазақстан үлгісімен сомониді девальвацияландыруға тура келеді, алайды біз оны бірден бір күнде емес, бұған дейінгідей күн сайын 0,5-1%-ға құнсыздандыру арқылы жүзеге асырамыз», -дейді үкіметтегі жоғары шенді шенеунік.
Атын атамаған шенеунік мұнай бағасының төмендеуі мен көптеген елдерде әсіресе қазақстан мен ресейдің ұлттық валюталарының құнсыздануы салдарынан осындай қадамға бару қажет екендіктерін айтқан.
Қазіргі кезде елдің ішкі тауар айналымы - Ресеймен 24%, Қазақстанмен 17%. Бүгін валюта бағамы $1/6,3047 сомони. Жылдың басынан бері сомони құнының 21%-ға төмендеген.