Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Таң" телеарнасы аты мен форматын өзгертеді

"Таң" телеарнасы аты мен форматын өзгертеді
 "Таң" телеарнасы атауы мен форматын өзгеретін болды. Бұл туралы арнаның баспасөз қызметі хабарлады.  15 қарашадан бастап арна "ОҢ-ТВ" деп аталады, ал эфирде ақпараттық және бизнес бағдарламаларға қоса спорттық-сауықтық бағдарламалар да пайда болады.
Телеарнаның хабарлауынша, енді танымал сериалдарға, Чемпиондар Лигасы мен УЕФА-ның Еуропа Лигасының футбол матчтарының тікелей трансляцияларына, спорттық бағдарламалар мен экономика әлемінің жаңалықтарына басымдылық беріледі. Сондай-ақ күніне 6 рет қазақ және орыс тілдерінде «Qazaq News» ақпараттық бағдарламасы және сарапшылар мен мамандардың пікірі қоса берілген бизнес әлемінің жаңалықтары да шығып тұрады. " Таң" арнасы эфирге алғаш рет 1990 жылы шыққан. Сол уақыттан бері таратылым форматы мен иелерін бірнеше рет ауыстырған еді. Қазіргі уақытта TNS Gallup Media рейтингі бойынша, қазақстандық аудиторияны қамтуы жөнінен 12 орын иеленеді. Фото:tengrinews.kz

Похожие материалы