Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 3 мамырдағы доллардың орташа бағамы 315,45 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 315,35 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 315,50 тг, сауданың аяқталуы кезінде 315,44 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 64 млн 550 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 133.
Ақша айырбастау орындарында 3 мамырдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:50) Алматыда 316.9 теңгені құраған.