Алматы. 3 шілде. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 3 шілдедегі доллардың орташа бағамы 320,04 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 319,00 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 320,30 сауданың аяқталуы кезінде 320,16 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 105 млн 150 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 120.
Ақша айырбастау орындарында 3 шілдедегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 322 теңгені құраған.