Алматы. 5 шілде. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 шілдедегі доллардың орташа бағамы 323,60 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың орташа курсы 323,33 теңгені құрады. Таңғы сессияда сауда көлемі 3 млн доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 24.
Ақша айырбастау орындарында 5 шілдедегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 324,1 теңгені құраған.