Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 340,30 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 339,01 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 340,98 сауданың аяқталуы кезінде 340,80 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 160 млн 250 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 271.
Ақша айырбастау орындарында 5 қыркүйектегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.15) Алматыда 343 теңгені құраған.