Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 19 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 337,86 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 339,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 341,19, сауданың аяқталуы кезінде 340,85 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 124 млн 450 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 195.
Ақша айырбастау орындарында 19 қыркүйектегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.30) Алматыда 341 теңгені құраған.