Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессия: 1 доллар — 341,20 теңге

Таңғы сессия: 1 доллар — 341,20 теңге

Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 6 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 341,20 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 341,00 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 341,70 сауданың аяқталуы кезінде 341,28 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 87 млн 950 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 159.

Ақша айырбастау орындарында 6 қыркүйектегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 344 теңгені құраған.

Похожие материалы