Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 312,28 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 312,28 теңге

Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 31 мамырдағы доллардың орташа бағамы 312,28 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,19 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 312,41 тг, сауданың аяқталуы кезінде 312,41 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 83 млн 750 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 175.

Ақша айырбастау орындарында 31 мамырдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.15) Алматыда 314 теңгені құраған.

Похожие материалы