Алматы. 1 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 1 маусымдағы доллардың орташа бағамы 312,32 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,15 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 312,43 тг, сауданың аяқталуы кезінде 312,43 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 20 млн 600 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 44.
Ақша айырбастау орындарында 1 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.15) Алматыда 314 теңгені құраған.