
Алматы. 2 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 2 маусымдағы доллардың орташа бағамы 312,45 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,25 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 312,65 тг, сауданың аяқталуы кезінде 312,65 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 21 млн 450 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 54.
Ақша айырбастау орындарында 2 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.30) Алматыда 314 теңгені құраған.