Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Табысты адамдардың 5 әдеті

Табысты адамдардың 5 әдеті

1. Олар басқа табысты адамдармен бірге уақыт өткізуге тырысады.

Уоррен Баффетт пен Билл Гейтстің дос болуы кезедйсоқтық емес. Әдетте құндылықтары ортақ адамдар бір топқа бірігіп, бірге жүреді. Көп жағдайда өмірлік құндылықтары ортақ адамдардың мақсаттары да бір болады.

2. Маңызды шешімдерді болашақтағы мақсаттарына қарай қабылдайды.

Егер сіз ұзақмерзімді үлкен мақсатпен өмір сүрсеңіз, өмірдегі кішігірім келеңсіздіктерді елемейсіз. Зерттеу көрсеткендей, жұмыс уақытының 20 пайызы ғана пайдалы іске жұмсалады. Егер осы уақытты ақылды түрде, өзіңнің стратегиялық мақсатыңды жүзеге асыруға жұмсасаң қалған 80 пайызы маңызды емес.

3. Мұндай адамдардың жеке жоспары болады.

Көптеген адамдар басшылыққа бағынып, солардың айтуымен жүреді. Күнделікті жоспарларын бақыламайды. Табысты адамдар өзі жауапты жұмысты күнделікті жоспарлап, бақылап, күнделікті жоспарын орындау өміріңді де жоспарлап, бақылап отыру деп санайды.

4. Шығындарын ақылмен жұмсайды.

Табысты адамдар ресурстардың мақсатқа қаншалықты жақындатып, алыстатарын біледі. Ресурс деп отырғанымыз – уақыт, білім, қарым-қатынас пен ақша. Ең болмағанда, 40 жаста өз бизнесіңізді бастау үшін оған алдын-ала жас кезден дайындалу керек. Яғни, білім жинап, адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып, ақшаны басқаруға да дайындық керек.

5. Зейнетке шығуды табысты адамдар жетістікке жетудің жаңа кезеңі деп қабылдайды.

Табысты адамдар зейнет жасына жеткен соң да жұмыс істеуді жалғастырады. Олар жұмыс орнынан кетуі мүмкін, бірақ, басқа салаларда белсенділігін жалғастырады. Өмірге көңілді қарайтын, өнімді, белсенді адамдар мақсатқа жетуді қай жаста болса да жалғастырып, алға жүре береді.

Похожие материалы