Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Табысты YouTube-блогер болудың 7 жолы

Табысты YouTube-блогер болудың 7 жолы

Егер сіз YouTube желісінде танымал блогер болғыңыз келсе, төменде келтірілген кеңестермен танысып шығыңыз. Мүмкін кеңестер сізге танымал әрі табысты болуыңызға көмектесер.

  1. Желіге бейнежазбаны жиі жүктеңіз.

Желіге видеоны жиі жүктеу – сізге жазылушылардың қатарын көбейтуге көмектеседі. Мазмұны көрерменге қызықты болса, небәрі 50 видеодан соң ештеңе жасамай-ақ танымал болуыңыз мүмкін. Бірақ, 50-100 видео жүктесем, атақты болып кетемін деп арзан дүниелермен бөлісуден аулақ болу қажет. Егер сіздің видеоңызда ешкімге ұқсамайтын идея болып және оның көрерменге қызық болатынынына сенімді болсаңыз таратыңыз. Сондай-ақ, басқа да әріптестеріңіздің идеясын көшіруден сақ болыңыз. Бұл сіздің өсуіңізге кері әсер етуі мүмкін.

2. Елді баурап алатын қызықты бейнежазбаны  жүктеңіз

Егер сізге ән айтқан ұнайтын болса, өзіңізге ұнайтын әннің кавер нұсқасын айтқан видеоны жүктеңіз. Бейнежазбаны жазбас бұрын әнді айтып, камерамен жұмыс істеп үйреніңіз. Кейде каналыңызға қайда, қалай ән айтып дайындалатыныңызды салыңыз. Сіз жазылушыларыңыз үшін басқаларға ұқсамайтын видеолармен бөлісіп отырсаңыз, олар сіздің каналыңызды күнде бақылап отыратын болады.

  1. Идеяны көшірмеңіз

YouTube желісі арқылы әлемге танымал болған адамдардың қатары өте көп. Бір ғана мысал, әлемге танымал әнші, музыкант - Джастин Бибер (Justin Drew Bieber) аталмыш желіге «көшірілмеген» видеоларын жүктеу арқылы танымалдылыққа ие болды. Әрине, YouTube тек өнер адамдарының ордасы емес. Егер сізде жаңа идея мен талант болса желіде танымал болуға ештеңе кедергі емес. Бірақ, жазылушылар бір айдың ішінде сізге жазылып, атақты болып кетемін деген ойдан аулақ болыңыз.

  1. Бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жүктеңіз

Facebook, Twitter секілді әлеуметтік желілерге бейнежазбаны жүктеу арқылы өзіңізге жазылушыны шақырасыз. Бастысы жазылушыларыңыз қуанатындай сапасы жоғары бейнежазбаларды жүктеңіз. Қараңғыда түсірілген, даусы нашар шығатын видеоны жүктеп, жазылушы жинай аламын деген ойдан аулақ болыңыз.

  1. Актерлік шеберлік

Сіз жазылушыларыңызға видео арқылы тамақ пісіруді не киім тігуді үйретсеңіз де актерлік шеберлігіңіздің бар болғаны жөн. Әр сөзіңізді қағаздан оқып, ыммен жұмыс жасай алмасаңыз видеоңызда керек дерек көп болғанның өзінде қызықсыз болады.

  1. Қарым-қатынас

Блогердің танымалдылығы артқан сайын көрермендерінің тарапынан сұраныс көбее түседі. Жазылушыларыңызға арнап әлеуметтік желілерде топтар мен парақшалар ашып қойыңыз. Онда түрлі байқаулар ұйымдастырып, кері байланыс жасап отырыңыз. Сондай-ақ, теріс пікірлерге жауап қайтармаңыз. Ол ештеңені шешпейді.

  1. Құрылғылар

Бейнежазбаны түсірерде сапалы камера мен микрофон таңдаңыз және видеоға фондық музыка қосыңыз.

Дереккөз: ru.wikihow.com

Похожие материалы