Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таиланд компаниялары Алматыға инвестиция бөлуге дайын

Таиланд компаниялары Алматыға инвестиция бөлуге дайын

Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz - Алматы қаласының әкімі Б. Байбек бастаған  қазақстандық делегация Таиланд корольдігінде болып қайтты. Сапар барысында Таиланд бизнес- қоғамдастығы өкілдерімен, туризм және спорт министрі К.Ваттанаврангкулмен, Бангкок губернаторы  С.Парибатрамен, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Ш.Ахтармен кездесулер өтті деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Б.Байбек  «Қалалардың ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге деген тұрақтылығын, экологиясын жақсартуды қамтамасыз ету: өңірлік әлеуеттер мен мүмкіндіктер» атты Азия- Тынық мұхит  Форумының сессиясына да қатысты.

«Қазақстан және Таиланд: инновациялар, инвестициялар,серіктестік»  деген тақырыпта өткен бизнес- форумда Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда- инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі векторлары, Алматыға Таиланд  капиталын инвестициялау мәселелері талқыланды. Бизнес-форумның қорытындысы бойынша екі елдің іскер адамдары келесі кездесуді Қазақстанда өткізіп, екі жаққа да пайдалы серіктестікке қатысты құжаттарға қол қоюға келісті.

Алматы қаласының әкімі Туризм және спорт министрімен кездесу кезінде мегаполистің туристік және экономикалық потенциалы туралы айтып берді. Өз кезегінде Туризм және спорт министр К.Ваттанаврангкул  Таиланд Қазақстанмен екі жақты  ынтақтақтастықты дамытуға  және екі ел арасында туристер санын арттыруға ниетті  екендігін айтты.

«Біз Таиланд туристері үшін Қазақстанның есігін ашқымыз келеді.Сондықтан визалық процедураларды азайтып, топтық туристік визалардық беру  мәселесін қарастырамыз. Туризм бизнесті дамытып, инвестиция тартуға жол ашады», - деді  К.Ваттанаврангкул.

Бангкок губернаторы С.Парибатрамен кездесуде  тараптар ірі мегаполистерді  дамыту мәселелерін сөз етті. Мысалы, Бангкок пен Алматы  мегаполистердің бәсекеге лайық мүмкіндіктерін ескере отырып, ұлттық өндірістік- бөлу жүйелері арқылы қала экономикасын интеграциялауды дамудың басты факторы деп есептейді. Екі қала  арасындағы  экономикалық байланысты одан әрі кеңейту мақсатында тараптар Бангкок пен Алматыны бауырлас қалаға айналдыру жолдарын қарастыруға келісті.

Ал ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Ш.Ахтармен кездесуде Б.Байбек Алматы  әкімдігі мен ЭСКАТО Хатшылығының «Алматы-2020» Бағдарламасын жүзеге асыруда ғы өзара ынтымақтастығын  сөз етті.

«Алматының даму  Бағдарламасы – 2020» алғаш рет азаматтық қоғамның және негізгі ұт өкілдерінің  қатысуымен кеңінен талқыланып, адамдарға барынша жайлы, қауіпсіз қала құруға бағытталған. Аталған бағдарламаның механиздері мен индикаторлары ЭСКАТО-ның Оңтүстік- Шығыс- Азия қалалары бойынша жыл сайынғы есебінің арнайы бөлімі мен БҰҰ-ы Хабитатына қала аумағын дамытудың ең үздік көрінісі ретінде  енетін болады», -деді  Ш.Ахтар ханым.

Алматы әкімі Б.Байбек тұрақты даму жөніндегі Азия- Тынық мұхит Форумына да қатысты. Форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде  Б.Байбек  Алматының тұрақты әлеуметтік дамуы мен қала тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту бірінші кезектегі міндет екендігін айтты.

«Біз экология, энергетика, таза ауыз су және сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде қарқынды жұмыс істеудеміз, қала мен оның тұрғындарын түрлі келеңсіздіктерден қорғаудың нақтылы жолдарын іздестірудеміз», - деді  Б.Байбек.

Похожие материалы