Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Такси жүргізуші қыздың телефонын сындырған. Оқиға жүргізушінің жолаушыға қайтаратын 500 теңгесі жоқ болғаны үшін басталған, деп хабарлайды 7kun.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап.[
26 жастағы Аделина Кирьянова 21 мамыр күні түн ортасына таман Алматы облысының Өтеген батыр ауылына дейін көлік тоқтатып, жол ақысын алдын ала келіскен. Көлік салонында тағы бір қыз болған. Жол бойынан такси жүргізушісі тағы бір жолаушыны алыпты.
"Жолда жүргізуші тоқтап, адам алды, мен оның кім екенін білмеймін. Әйелі, көршісі немесе туысы шығар. Себебі олар жолақы мен баратын жері туралы мүлдем келіскен жоқ. Сондықтан мен оларды таныс деп ойладым. Әйел көлікке отырды, олар бір-бірімен орысша және қазақша сөйлесіп отырды", - дейді жәбірленуші қыз.
Аделина жолақысын төлеген. Бірақ ол берген ақша жолақыдан көп болыпты. Жүргізуші келіскен жерге жеткенде, жолаушы қыз 500 теңге қайтаруды талап еткен. Алайда жүргізуші орысша түсінбеймін деп, қазақша айтуын өтініпті.
"Мен оған жауап бере алмадым. Сол кезде маған қарай қорлау мағынасында сөздер айтыла бастады. Біз сөзге келіп қалдық. Олар маған Қазақстанда тұратындықтан қазақ тілінде сөйлеуге міндеттісің деп айқайлады. Жүргізуші тоқтап, мені көліктен күшпен жұлқылай бастады. Артынша көліктен шығарып, бетімнен ұра бастады. Қолымды қайырып, қашып кетпесін деген оймен ұстап тұқрды. Сол уақытта қасындағы жолаушы қыз да ұра бастады", - дейді Аделина Кирьянова.
Тек жол бойында өтіп бара жатқан қыз келіп араласқан кезде ұрып-соғу тоқтаған. Ол полиция шақырамын деп айқайлады.
"Үшеуі бір қызға жабылып жатқанын көргенде, жүгіріп барып көмекке ұмтылдым. Полиция шақырдым. Алғашында не болып жатқанын толық түсінбедім. Мен отбасылық ұрыс-керіс шығар дедім. Тек ер адамнан бөлек әйелдер де ұрып жатқан соң айқайладым. Олар полиция туралы естігенде, тез арада көлікке отырып кетіп қалды. Таяқ жеген қыздың заттары шашылып жатты", – дейді оқиға куәгері Айнұр Манасқызы.
Зардап шегушінің айтуынша, Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасында оның шағымына немқұрайлы қараған. Тергеуші оқиғаның егжей-тегжейіне назар аудармады және оның айғақтарының бір бөлігін хаттамаға енгізбеді дейді таяқ жеген қыз.
"Бетпе-бет кездесу кезінде бөтен адамдар қатысты. Олардың бірі полиция қызметкерінің куәлігін алып, мені ұрған жігіт оның інісі екенін айтты. Менен жауап алған тергеуші де құлықсыз сөйлесті. Арызға ұрып-соғудың мән-жайын да жазбады. Не жазу керегін өзім білем деді. Жауап алардан бұрын біреуге қоңырау шалып, заң бойынша рәсімдейін бе әлде жоқ па деп сұрады?", - деп еске алады Аделина.
Алматы облысы
полиция департаментінің баспасөз қызметі кейінірек түсініктеме беруге уәде
берді.
[