Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таксофондар тегін Wi-Fi тарататын болады

Таксофондар тегін Wi-Fi тарататын болады

Нью-Йорк тұрғындары жоғары жылдамдық тегін интернет қызметін ең алғаш қолданатындар қатарынан болғалы тұр. Бұл жөнінде ВВС орысша қызметі хабарлайды.

Sidewalk Labs компаниясының жаңа LinkNYC атты жобасының аясында қаланың он мыңға жуық таксофондарын Wi-Fi тарту нүктесіне айналдыруды жоспарлап отыр.
Тегін интернеттің жылдамдығы секундына 1 гигабиттен төмен болмайды. Сонымен бірге, "байланыс орталығы" етіп өзгертілгелі жатқан таксофондар интернеттен бөлек, тұрғындарға көлік, коммуналдық және өзге де қызметтерді қолдануға мүмкіндік беретін болады.
Sidewalk Labs компаниясы 2015 жылы Google корпорациясы мен Нью-Йорктың бұрынғы мэрия шенеунігі Дэн Доктороффтың бастамасымен ашылған.
Компанияның маманданған саласы - қалалық ортаны қалыптастыруда сандық технологияларды қолдану. LinkNYC  жобасы Sidewalk Labs-тың инвестиция құйған алғашқы жобасы.

Похожие материалы