Экономика
Талғат Ермегияев ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды
«Астана - ЭКСПО» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталды. Есеп бойынша келтірілген шығын 10 млрд теңгеден асқан. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлімдеді.
Агенттікте іске қатысты материалдармен танысу жүргізілуде. Болған іске 24 адамның қатысы бар екені анықталған.
«Жемқорлық жолмен алынған қаржы көлемі 10 млрд 200 млн теңгені құрады. Оның 4 млрд 200 млн теңгесі Ермегияев мырзаның қолына өткен. Бұл ЕХРО-ға тиесілі қаржыдан алынған. Оның ішінде тұрғын үйлер, автокөліктер, қонақ үй кешендері бар», - деді Қ. Қожамжаров.