Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Талдықорғанға тұңғыш рет табиғи газ келді

Талдықорғанға тұңғыш рет табиғи газ келді

Талдықорған. 3 мамыр. 7kun.kz - «Талдықорған» автоматтандырылған газ бөлу стансасы мен 264  шақырымдық «Алматы - Талдықорған» магистралды газ құбыры іске қосылды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы - Талдықорған» газ құбыры мен автоматтандырылған газ бөлу стансасының құрылысы президент тапсырмасымен жүргізілген Жұмыс барысы облыс әкімі Амандық Баталовтың тікелей бақылауында болды.

Табиғи газды тұтынушыға неғұрлым жылдам жеткізу үшін Талдықорғанда газбен қамту желілерін орнату жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта 10 үйге көгілдір отын берілді. Тағы 100 тұрғын үй газға қосылуға дайын және бұл көрсеткіш күннен күнге артып келеді. Отын - экономикалық және экологиялық тұрғыдан тиімді. Соның әсерінен тұрғындар көмір мен отынға тәуелділіктен құтылады.

Айта кетейік, «Алматы - Талдықорған» магистралды газ құбыры өңірдің ең ірі әрі маңызды әлеуметтік жобаларының бірі. Оны жүзеге асыруға 21,4 млрд. теңге бөлінген. Магистралды газ құбыры облыс орталығын қосқанда жалпы 410 мың тұрғыны бар 3 қала мен 6 ауданды көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік береді.

Похожие материалы