Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Талдықорған өндіріс кластерінің орталығы болады - Бағдат Қарасаев

Талдықорған өндіріс кластерінің орталығы болады - Бағдат Қарасаев

Алматы. 24 наурыз. 7kun.kz - «Талдықорған» индустриалды аймағында өндіріс кластерінің орталығы құрылады. Бұл туралы Талдықорғанның өндіріс саласын дамыту жоспарымен танысқан қала әкімі Бағдат Қарасаев айтты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

«Талдықорған» индустриалды аймағы өсім мен дамудың маңызды нүктесі. Облыс әкімі Амандық Баталовтың арқасында 594 гектарлық индустриалды зона инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта біз «Талдықорғанды» технология мен тауар экспортаудың, жұмыс күшін құру мен инвестиция тартудың орталығы деп есептейміз. «Талдықорған» индустриалды аймағы қала дамуының қозғаушы күші болады», - деп атап өтті Бағдат Қарасаев.

Қала әкімінің айтуынша, қазір индустриалды аймақ территориясында 23 шаруашылық жүргізуші субъект орналасқан. Жаңа коммуникациялық желілердің болуы инвесторлардың қызығушылығын тудырады.

«Қазіргі уақытта аймақта 2 жаңа жоба іске қосылды. Олар май рафинациясымен айналысатын - «Жетісу» ЖШС және синтетикалық жуу құралдарын шығаратын  «Аманат Қазына» ЖШС. Нәтижесінде 648 млн теңге инвестиция құйылып, 45 жаңа жұмыс орны құрылды. Жобаны жүзеге асыру үшін инвесторлар 7 млрд теңге салым салды», - дейді қала әкімі.

Одан бөлек, Алматы облысы әкімінің шешімімен алдағы уақытта халықаралық инвестициялық форум өткізілмек. Қазіргі уақытта форумға қатысушы елдермен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Похожие материалы