Талдықорған. 19 қыркүйек. 7kun.kz - Бүгін Талдықорған соты қалалық әкімдікте болған төбелеске қатысты шешім шығарды. Оған сәйкес, шаруа Алмасбек Садырбаев 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Алмасбек Садырбаев сот үкімін әділетсіздік деп отыр. Ал шенеунік одан бөлек, моральдық шығын ретінде шаруадан 10 миллион теңге көлемінде ақша сұратқан. Алайда, сот тек 300 мың теңге айыппұлмен шектеді.
"Сот шешімімен мүлде келіспеймін. Әкімдік қызметкері болған соң ұтып тұр. Апелляцияға беремін, әділдік емес бұл!", - дейді сотталушы Алмасбек Садырбаев.
Кәсіпкер Алмасбек Садырбаев "Қала әкімінің орынбасары жүнге субсидия сұрағаным үшін тұмсығымды бұзды", - деп әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Алайда, артынша Асқар Тұтыбаев та бірден сотқа арызданған.
Кабинетте болған оқиға таспаға түспепті. Іске тек орынбасардың сөзі мен дәліздегі көріністер ғана дәйек болған.
Дереккөз: nur.kz