Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Талғар тасжолында көкпар ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамалды

Талғар тасжолында көкпар ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамалды

Алматы облысы. 26 шілде. 7kun.kz – Талғар ауданында көкпар ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Көкпаршылар қоғамдық тәртіпті бұзғанымен қоса, көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жүргізушілерге қауіп төндірген. Қазір аталған тәртіпсіздікті  ұйымдастырғандар мен оған қатысқандардың бірқатары анықталды.

«Олар әкімшілік заңнама нормаларына сәйкес «Ұсақ бұзақылық», «Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау» және «Көлік құралдарының жүруіне кедергі жасау» баптары бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот ұйымдастырушыға және басқа да қатысушыларға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуға санкция берді», - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметінде.

Халық денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмеу үшін ұлттық спорт ойындарын жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып, ипподромдарда, арнайы бөлінген орындарда өткізу керек екенін және оны ұйымдастырушылар қатаң бақылауда ұстау керегін еске салынды. Айта кетейік, кеше әлеуметтік желілерде Алматы іргесінде бірқатар адамның көкпар тартқан видеосы тарап, көпшіліктің наразылығын тудырған болатын

Похожие материалы