Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Талғат Ермегияев 14 жылға сотталды

Талғат Ермегияев 14 жылға сотталды

Бүгін Астанадағы қылмыстық істер бойынша Арнайы ауданаралық сот "Астана ЭКСПО-2017" компаниясындағы жемқорлық істер бойынша айыпталушыларға үкім шығарды.

Компанияның экс-басшысы Талғат Ермегияевқа қатысты 14 жылға қатаң режимдегі колонияға қамалып, мүлкін тәркілеу және коммерциялық ұйымдар мен мемлекеттік органдарда басшылық қызметке орналасу құқығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот сондай-ақ, Президентке Ермегияевті мемлекеттік марапаттарынан айыру туралы ұсыныс енгізбек. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев Қылмыстық Кодекстің 311-бабы 5-бөлігі, 176-бабы 4-ші "б" тармағы, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айыпталған еді. Бұған дейін өткен сот отырыстарында ол пара алу және компанияның қаражатын заңсыз иемдену бойынша тағылған айыптарды жоққа шығарып, кінәсіз екенін бірнеше рет мәлімдеген еді. "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан ұрланған қаражаттың мөлшері 10 миллиард 200 милллион теңге болды. Қылмыстық іс бойынша 23 адам айыпталды. Сот процесі биыл 4 сәуірде басталып, екі айға созылды.

Похожие материалы