Экономика
Тамара Дүйсенова зейнетақы мен жәрдемақыны көбейту қалай жүргізілетіндігін түсіндірді
Астана. 20 желтоқсан. 7kun.kz - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова үкімет отырысынан кейін зейнетақы мен жәрдемақыны көбейту қалай жүргізілетіндігін түсіндірді. Оның сөзінше, барлығы кезең-кезеңімен өтеді.
"Зейнетақыны 20%-ға көтереміз дедік. Алдымен 1 қаңтардан бастап 9%-ға арттырамыз, 1 шілдеден бастап тағы 11%-ға жоғарылайды. Бір жыл ішінде 20% болуы керек", - деді Тамара Дүйсенова. Оның сөзінше, бұл ынтымақтастық зейнетақысына қатысты.
Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап "күнкөріс деңгейі мен жұмыс тәжірибесіне байланысты" базалық зейнетақыны бекіту механизмі толығымен өзгереді.
"Жаңа туылған сәбиге берілетін жәрдемақының көтерілуі бойынша: 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7%-ға, ал 1 шілдеден бастап 13%-ға көтеріледі. Жалпы алғанда 20% болады", - деді министр.
Оның сөзінше, зейнетақы мен жәрдемақыны көтеру үшін қажет қаржы шамамен 90 млрд теңгені құрайды.
Еске салайық, 15 желтоқсандағы салтанатты жиын кезінде президент елдегі зейнетақы мен жәрдемақыны 20%-ға көтеру туралы тапсырма берген еді.