Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тамара Дүйсенова зейнетақының қалай көбейетіндігін түсіндірді

Тамара Дүйсенова зейнетақының қалай көбейетіндігін түсіндірді

Астана. 22 ақпан. 7kun.kz - 2017 жылдың басында ынтымақтастық зейнетақы 9%-ға өсті. Келесі көбею осы жылдың 1 шілдесіне жоспарланған деп хабарлайды еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. 

"2017 жылдың басында ынтымақтастық зейнетақы көлемі 9%-ға, 1 шілдеден кейін 11%-ға көбейеді. Ал базалық зейнетақы көлемі жыл басында 7%-ға, 1 шілдеден бастап 13%-ға артады. Нәтижесінде 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы зейнетақы 20%-ға өседі. Еліміздегі 2 млн-ға жуық зейнеткер үшін бюджеттен 80 млрд теңге бөлінді", - деді ведомство басшысы.

Оның сөзінше, 2018 жылы базалық зейнетақы, мүгедектігі бойынша және асыраушысын жоғалтқаны бойынша жәрдемақы көлемінің өсімі 16%-ды құрайды. Бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты. Сондай-ақ келесі жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдісі өзгеріп, зейнетақы жүйесіне қатысу тәжірибесі ескеріледі. Бұл шара үшін республикалық бюджеттен 147 млрд теңге бөлінеді.

Похожие материалы