«Әзіл сөз» қорының Президенті Тамара Калеева ҚР Журналистер одағы төрағасының міндетін атқарушы болды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің жарғысына және ҚР заңдарына сәйкес Журналистер одағының басқармасы 18 сәуірде бейнеконференция барысында Т.М Калееваның журналистер одағы басқарма төрайымының міндетін уақытша атқарушы ретінде сайлау туралы мәселені қарастырды. Нәтижесінде басқарма мүшелері кандидатураны бірауыздан қолдады» делінген агенттік хабарламасында.
Еске салайық, ҚР Журналистер одағының төрағасы С.Матаев мемлекет қаржысын жымқырды және салық төлемеді деген күдікпен үйқамаққа алынған еді.