Экономика
Тамызда Қазақстандағы жаңа үйлердің бағасы 4,2% қымбаттады
Қазақстанда осы жылдың тамызында тұрғын үй бағасы шілдемен салыстырғанда 4,2 пайызға өсті деп хабарлайды экономика министрлігіндегі статистика комитетінен.
Статистикалық мәлімет бйынша, екінші қайталанып сатылған, барлық жағдайы жасалған тұрғын үйлер бағасы 3,9 пайызға, оларды жалға алу бағасы 0,1 пайызға артқан. Орта есеппен республикадағы жаңа үйдің 1 шаршы метрі 2015 жылдың тамызында 231,1 мың теңгеден, қайта сатылған үйдің 1 шаршы метрі 103,9 мың теңгеден, жалға алуға берілген үйдің 1 шаршы метрі 1260 теңгеден сатылған.