Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,59 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (378,89 теңге/$1) ұлттық валюта 0,3 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378,45 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,85 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,80 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 56 млн 790 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 180.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380 теңге, Алматыда – 381 теңге.
Ұлттық Банктің 21 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,9 теңгені құрайды.