
Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 384,11 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (384,19 теңге/$1) ұлттық валюта 0,08 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 383,92 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 384,20 теңге, жабылу курсы бір долларға 384,15 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 100 млн 865 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 207.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 386 теңге, Алматыда – 386,5 теңге.
Ұлттық Банктің 5 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 384,21 теңгені құрайды.