Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 385,48 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (384,77 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,71 теңгеге арзандады.
Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 386,5 теңге, Алматыда – 388 теңге болды.
Ұлттық банктің 17 қыркүйектегі ресми бағамы 1 доллар үшін 385,16 теңгені құрайды.