Алматы. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 387,73 теңгені құрады. 29 тамыздағы таңғы сессиямен салыстырғанда (387,42 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,31 теңгеге арзандады.
Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 388,5 теңге, Алматыда – 389,7 теңге болды.
Ұлттық банктің 2 қыркүйектегі ресми бағамы 1 доллар үшін 387,46 теңгені құрайды.