Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессияда доллар курсы әлсіреді

Таңғы сессияда доллар курсы әлсіреді

Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 372,51 теңгені құрады. 4 қаңтардағы таңғы сессиямен салыстырғанда (379,15 теңге / $1) ұлттық валюта 6,64 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 372теңге деңгейінде болды, ең жоғары –374,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 372,90 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 33 млн 550  мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 66.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 375 теңге, Алматыда – 376 теңге.

Ұлттық Банктің 4 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,12 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы