Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессияда теңге аздап нығайды

Таңғы сессияда теңге аздап нығайды

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 377,45 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (377,69 теңге/$1) ұлттық валюта 0,24 теңгеге қымбаттады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,30 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 377,60 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,37 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 35 млн 40 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 96.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 379 теңге, Алматыда – 379,4 теңге.

Ұлттық Банктің 14 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 377,74 теңгені құрайды.

Похожие материалы