Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,08 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,41 теңге/$1) ұлттық валюта 0,33 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378,80 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,30 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,15 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 26 млн 310 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 73.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380 теңге, Алматыда – 381 теңге.
Ұлттық Банктің 18 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 379,36 теңгені құрайды.