Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Танымал француз гипермаркеті Қазақстанға келуі мүмкін

Танымал француз гипермаркеті Қазақстанға келуі мүмкін

Auchan француз гипермаркеті алдағы уақытта Қазақстанға да келуі мүмкін. Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Аукеновтың айтуынша, келесі аптада Auchan гипермаркеттер желісінің өкілдері келісім жасасуға келеді.

Шетел ритейлерлерінің қазақстандық нарыққа енуіне Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жол ашты. Алматыда Auchan гипермаркеттері желісі ашылатыны туралы сөз көптен бері айтылып жүрген. Бірақ, компания қандай да бір пікір білдірмеген еді. 
Естеріңізге сала кетсек, "Ашан" және "Икеа" желілерімен келісім 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді. Алғашқы гипермаркеттер Алматы, Шымкентте ашылады. Ашылуы мүмкін тағы бір қаланың қатарында Астана да бар.

Похожие материалы