Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов жеке кәсібін ашты

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов жеке кәсібін ашты

Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz - Әнші Бағлан Әбдірайымов жеке кәсіпке бет бұрып, той орталығын ашқан. Бұл туралы ақын Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасында жазды.

Әншінің той орталығы «Баг – Лан» ивент компаниясы деп аталады. Маусымның 2-сінде ашылу салтанаты болмақ.

Өз кезегінде Айнұр Тұрсынбаева болса «Адамның артынан артық әңгіме айтпайтын, бос сөзді бойына жуытпайтын, екіжүзділіктен ада, атағына абыройы сай, азамат деген атына лайықты тірлікпен ғана жүретін парасатты Бағлан бауырымыз үлкен той орталығын ашып жатыр екен, Алла берекесін берсін! Оразадағы бастаманың игілігін көр!»-деп тілектестік ниетін жеткізген.

Похожие материалы