Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таныстарың телефонына сені қандай атпен сақтайтынын қалай білсе болады?

Таныстарың телефонына сені қандай атпен сақтайтынын қалай білсе болады?

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz - Осы аптада желіні шулатқан бағдарламаның бірі Get Contact болды. Бұл қосымшаның ерекшелігі – таныстарың телефонына сені қандай атпен сақтайтынын білуге болады.

Қосымшаның негізгі қызметі  - атын білмейтін нөмір иесінің атын анықтауға көмектесу. Қосымшаны жүктеген соң нөмірді енгізіп, таныстарыңда ол нөмірдің қалай сақталғанын білуге болады. Немесе өз телефоныңдағы нөмір иесінің атын енгізіп, басқаларда оның қандай атпен сақталғанын анықтауға болады. Алайда бұл қосымша келеңсіздік те тудырып жатыр. Мысалы: Әзірбайжанда бір дәрігер клиентінің атын "Севда аборт" деген атпен сақтап, оны күйеуі біліп, отбасы ажырасқан. Бір қыз өзін таныстарының телефонына жезөкше деп сақтап қойғанын білген. Тағы бір келіншек басқа атпен сақталғанын біліп, көңілдесі барына көз жеткізген.

Қосымшаны кейбіреулер жеке өмірге "қол сұғушылық" деп бағалап жатыр.  Сондықтан болар, Get Contact қосымшасына Әзірбайжанда бүгін ресми түрде тиым салынды. Қолданушылар оны жүктеп алғанымен, қолдана алмайды.

Өткен жылдың соңында Армения билігі де бұл қосымшаны қолданбау керектігін ескерткен болатын.

Похожие материалы