Экономика
IT, Технология
Танысуға арналған "халал-қосымша" жасалды
Ислам дінін ұстанатын, смартфоны бар жалғызбасты адамдар үшін арнайы танысуға арналған қосымша жасалды. MyDiaspora қосымшасы мұсылман қағидаларына сай жасалған.
Қосымша Ресейдің тұрғылықты емес халқына арналған. Оның көмегімен сол қалада тұратын өз ұлтықның адамдарын табуға болады.
Басында қолданушыларға қаржылық жағдайы, ішімдік пен темекіге қатысы және қандай жар іздейтіні туралы сұрақтар қойылады. Анкетаны толтырған соң "интернет-құдағай" сіздің шарттарыңызға сай адамды ұсынатын болады.
Әйел адамдарға болашақ жарының ұстанатын дініне ауысуы мүмкіндігі, ағалары мен әкесі туралы сұрақтар қойылады. Одан бөлек, жеке чатқа ағасын не әкесін қоса алады. Бұл екі адамның әдеп сақтап сөйлесіп отырғанына сенімді болу үшін жасалған.
Жасау барысында құрастырушылар көптеген адамдардың өтініші бойынша екінші әйел іздеу мүмкіндігін де қосты. Жобаның негізін салушы Арсен Қазыбековтың айтуынша, бірінші күйеуінен баласы бар көптеген христиан әйелдері екінші әйел болуға қарсы емес дейді.
Қосымшаны жасауға 150 мың доллар кеткен. Жоба авторлары алдағы 5 ай ішінде бұл сома қайтады деп отыр. Бүгіннің өзінде аталған қосымшаны 10 мың адам жүктеген. Сөйлесу барысында өзіңіз рұқсат етпесеңіз, сіздің суретіңізді ешкім көре алмайды.